Еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы төмендейді

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 30 градустан төмен болады. Синоптиктер, әсіресе, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта қатты аязды болжады.

Ал Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жетісу және Қарағанды өңірлерінде термометр бағаны 25 градус нөлден төмен болады. Оңтүстік жәна батыс аймақтарда күн райы 18 градусқа дейін төмендейді.