Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

Казгидромет хабарлағандай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын көтеріліп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда өңірінде қар жауса, өзге аймақтарды қалың тұман тұмшалап, жер көктайғаққа айналады деген болжам бар. Мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.