Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің 7 өңіріндегі автожолдарда қар көшкіні мен қызыл су қаупіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған ауа райының күрт жылынуы себеп болып отыр. Нақтырақ айтсақ, Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолының 2 бөлігі, Алматы облысында Екатеринбург-Алматының көп бөлігінде көліктердің барлық түріне шектеу енгізілді. Шығыс Қазақстан облысында Өскемен -Алтай-Үлкен нарын-Қатон Қарағай бөлігі жабық. Сол сияқты Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау өңірлеріндегі тасжолдардың біраз бөліктерінде уақытша шектеу бар. ҚазАвтоЖолдың бөлімшелері бұл күндері тәулік бойы күшейтілген тәртіптегі жұмысқа көшті.