Меншік иелерінің бірлестігіне онлайн түрде ауысуға болады

Меншік иелерінің бірлестігіне онлайн түрде ауысуға болады

Бұдан былай мүлікті меншіктеушілер ұйымына ешқайда бармай телефон арқылы ауысуға болады.

Елордада көп қабатты үй тұрғындарына арналған арнайы мобильді қосымша іске қосылды. Оны жүктеп алған адамдар енді коммуналдық мәселелерін онлайн түрде шеше алады. Мәселен тұрғындар енді жаңадан құрылып жатқан бірлестікке онлайн тіркеліп, төрағасын сайлай алады. Жоба авторларының айтуынша, бұл тұрғындарға ортақ келісімге дау-дамайсыз дауыс беру арқылы келуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін еліміз бойынша цифрлық жобаға 20 мың үй қосылуы тиіс.

Олжас Ақбаев, жоба жетекшісі:

- Өздерінің телефон номерлеріне СМС жіберіп, олар сол СМС-ті алып ссылканы алады, сілтемені, сол сілтемеден одан көшіп, екі түрде, мысалы, бұл Mgov мобайл мобильді қосымша мен немесе біздің Digital ID деген сервиспен бірге дауыс бере алады.