Биологиялық белсенді қоспаларды қандай жағдайда ішуге болады?

Дәрілік зат саналмайтын дәрумендердің ағзаға зияны бар ма?

Ал оларды дәрігер кеңесінсіз, өз бетінше қабылдау неліктен қауіпті?

Аружан Самарканова жарнамасы жер жарған танымал биологиялық белсенді қоспаның бірін тұтынудан денсаулығына зиян тигенін айтады. Содан кейін ғаламторда кең тараған сан түрлі дәруменге сақтықпен қарайды. 

Аружан Самарканова, қала тұрғыны:

- Мен Д3, А витаминін қабылдай бастаған болатынмын. Бастапқы 3 айда ешқандай кері әсерін көрген жоқпын. Бірақ келесі айларда мен бас аурулары сияқты өзімді жайсыз сезіне бастадым. Сондықтанда мен ол дәрумендерді ішуді тоқтаттым. Одан кейін өзім ағзам қалпына келіп, бас аурулары, жайсыздық сезімдері тоқтатылды. 03-23 Қазір олардың түрі өте көп, жарнама арқылы ел арасында көп тарайды. Сондықтан да ондай нәрселерді тек қана дәрігерлердің нұсқаулығы арқылы өтуді кеңес беремін.

Елімізде биологиялық белсенді қоспалар дәрігердің нұсқауынсыз сатылады. Ол ағзада жетіспейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қажет. Алайда, денсаулықты алдын ала тексермей, өз бетінше қолдану қате, дейді мамандар. 

Ақмарал Хангелді, гинеколог-эндокринолог:

- Қазіргі таңда өте көп қолданылатын протеиндер болып жатады. Олардың құрамында гормондар  барын біліп жатпайды кейде адамдар. Сондықтан ол гормондардың өз әсері болуы мүмкін. Және де осы витаминдер, минералдар құрамында тағы да қоспалар бар. Олар аллергиялық асқынуларға алып келуі мүмкін. Және де асқазан өт жолдарындағы ауруларға алып келуі мүмкін.

Дәрігерлер витаминді ретсіз пайдалану бауырға салмақ түсіретінін айтады. Макро- және микроэлементтердің кері әсері барын гастроэнтеролог, гепатологтар да ескертеді.

БЛИЦ:

- Қазір өте көп қой БАДы, витаминдер, сол лучше врач айтқан витаминдерді ішкен дұрыс деп ойлаймын.

- Мен өзім ойлайм енді возрастыма қарай адам енді сұлулықты жақсы көреді ғой. Шама кеп ақша боп жатса бас тартпаймын. Сетевой бизнестердің продукттары маған ұнайды өзім аздап қолданамын. //Өз бетімше жарнамасын қарайм.

- БАД енді болады қолданатын кездеріміз. Омега, комплексный витминдер 1 ай демалып ішіп тұрамыз.

Рухани Асқар, тілші:

- Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде еліміздегі әрбір екінші тұрғын биологиялық белсенді қоспаларды тұтынады. Халық арасында осы дәрумендер мен минералдарды мөлшерден тыс қолдану трендке айналуда. Басты себеп қайда қарасаң көз сүрінетін жарнама. Өнім ұсынатын желілік маркетингтік компаниялардың да саны артқан. Дәрігерлер кез келген сырқаттан арылтатын «сиқырлы» дәрумен жоқ екенін айтады. Білікті маман ғана науқасқа нақты ем-шара тағайындай алады.