Елордада күн суытуы мүмкін

Келесі аптада еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталғанымен елордада күн суытуы мүмкін.

Мәселен, 27 наурызда бас шаһардағы сынап бағаны -10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Болжам Қазгидромет сайтында жарияланған. Синоптиктердің айтуынша, жел жылдамдығы секундына 8 метрге дейін жетеді. Бірақ көшпелі бұлт әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.