Кейбір аймақта күн суытады

Бүгін еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент қаласы мен Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау және Жетісу, Алматы облыстарында қатты жел тұрып, екпіні секунтына 22 метрге дейін жетеді. Қызылорда өңірінде шаңды дауыл соғады. Түркістан мен Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында нөсер жауын жауады деген болжам бар. Қарағанды, Қостанай және Ақмола облыстарында тұман түсіп, Жамбыл өңірінде үсік жүруі мүмкін. Елордада күш ашық, күндіз 2-4 градус жылы болады.