10 мамырдан бастап «Ұмай» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады

Биыл бұл мақсатқа 15,6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Несиенің 40%-ы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында беріледі. Бір адамға бөлінетін ең көп сома – 30 млн теңге. Проценттік мөлшерлеме  – 14,4%. Алайда несие алушының кестесіне сәйкес ол 3,5-5%-ке дейін төмендейді. Несие мерзімі – 25 жыл. Баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейін қарыз алуға болады.

Жанар Ізімбетова, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалы директорының орынбасары:

- «Ұмай» бағдарламасы – ол жұмыс істеген, жұмыс жасап жатқан әйелдерге арналған бағдарлама. Бастапқы жарнасы 15% болуы мүмкін, егер отбасының табысы 550 мыңнан аспайтын болса. Егер отбасының табысы 640 мыңнан аспайтын болса, онда бастапқы жарна – 20%.