Мал кесірінен болатын апаттың алдын алу құрылғысы сыналып жатыр

Қазақстандық жолшылар отандық жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатыр.

Сол арқылы жануарлардың кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу көзделеді. "Қорғау" автономды кешені әзірге "Өскемен-Семей" республикалық маңызы бар учаскесінде орнатылды. Мамандар тәжірибелік алаңды бекер таңдаған жоқ. Себебі бұл жақта төрт түлік ұстайтын шаруашылық көп әрі малдың жолға шығып кетуі жиілеген. Сынақ нәтижелі болса, құрылғы өзге аймақтарға да қойылады.

Ләззат Стамғазиева, "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ ресми өкілі:

- Бұл технологияның басты артықшылығы көлік жүргізушілері қараусыз жайылып жатқан үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнде де жұмыс істей береді.