Елде алдағы 3 күнде аптап ыстық болады

Алдағы үш тәулікте Батыс аймақ пен Орталық Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде.

Елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел екпіні күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады" деп хабарлады Қазгидромет. Азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.