Ертең еліміздің бірден 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең еліміздің бірден 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Солтүстік аймақ пен елордада күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында нөсерлі жаңбыр жауады, дейді синоптиктер. Маңғыстау, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде құмды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал.