Еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді

Бүгін еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді.

Атап айтсақ, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда жауын-шашын түсіп, екпінді жел соғады. Сондай-ақ бірқатар өңірде түнде және таңертең тұман түсуіне байланысты мамандар жолда сақ болуға шақырады.