13 өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше,, бүгін бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда көктайғақ болып, аймақты қалың тұман басады. Ақмола облысында ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Тек Түркістан мен Жамбыл облыстарында күн райы жылы болады.