Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидрометтің мәліметінше, Жетісу, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 20 метрге жетеді.

Таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтілуде.

Сондай-ақ Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында да ауа райы нашарлап, қатты жел тұрады. Дауылды ескерту елордада да жарияланған, бас қалада тұман түсіп, көктайғақ болады.