Еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн суытады.

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік, шығыс және Қазақстанның орталық аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде сынап бағанасы 15 градусқа дейін төмендесе, күндіз ауа температурасы +8 градус шамасында болады. Бұған қоса шығыс өңірлерде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал.