Елдің басым бөлігінде бұрқасын соғады

Бүгін елдің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Синоптиктер 14 өңірде дауылды ескерту жариялады. Солтүстік аймақта ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Ақмола облыстарында тағы бірқатар өңірде бұрқасын соғып тұр. Тұрғындарға автокөлікпен алыс жолға шықпау жайында ескерту жасалды.