Күн 38 градусқа дейін суытады

Елдің бір бөлігінде бұрқасын соқса, біраз аймақта аяз сынып тұр.

Астанада бүгін күн 27 градусқа дейін суытты. Қазгидрометтің мәліметі бойынша ақпан айының алдағы он күні аязды болады. 15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ. Кей жерлерде бұрқасын соғады. Ауа температурасы алдағы күндері жекелеген аймақтарда 30-38 градусқа дейін баруы мүмкін.

Ақмарал Смағұлова, Қазгидромет РМК-нің инженер синоптигі:

- Еліміздің көп бөлігінде аяз күтіледі. Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтиды, ол аязды ауа-райын әкеледі. Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі.