Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Жетісу, Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында қатты жел соғып, оның екпіні секундына 20 метрге жетеді.  Ал Қарағанды өңірінде 38 градусқа дейін аяз күтіледі. Қонаев, Алматы қалалары мен Ұлытау облысында сынап бағанасы минус 25 градусты көрсетеді. Бұдан бөлек Павлодар, Түркістан өңірлері және Алматының таулы аудандарына тұман түседі. Сондай-ақ синоптиктер елдің шығысында да ауа райы құбылмалы болады деп ескертіп отыр.