Жетісу облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысындағы "Үшарал-Достық" - Көктұма және Достық станциясы бағытында көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

Қазір бұл аумақта қатты боран салдарынан жол көрінбейді. Сағат 9 жарымдағы жағдай бойынша облыста жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын автожол жабылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 218 бірлік техника және 231 адам қызмет етіп жүр.