Су тасқынынан зардап шеккендердің кредит төлемдері 3 айға шегеріледі

Су тасқынынан зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік өтемақы беріледі.

Сонымен қатар осы азаматтардың несиелері бойынша төлемдер 3 айға дейін автоматты түрде кейінге шегеріледі. Тасқын салдарынан төлемді кешіктіргендерге  айыппұл салынбайды. Табиғи апат салдарынан кәсібі тұралап, шығынға батқан барлық жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелік төлемдері берген өтініштері бойынша кейінге қалдырылады. Осыған орай кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде өтініш берудің нақты тәртібі жарияланады.