Аңсаған сәби: ЭКО арқылы бес мыңнан астам бала дүниеге келді

2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан астам бала дүниеге келді.

Бағдарлама басталғалы бері әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен экстракорпоральды ұрықтандыруға арналған квоталар саны 7 есе ұлғайтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында өткен Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының XV халықаралық конгресінде айтты. Ауқымды жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, жетекші ғылыми-клиникалық орталықтардың басшылары, Сауд Арабиясы, Израиль, АҚШ, Испания, Италия, Португалия және Дания сияқты елдердің мамандары қатысты.