Денсаулық сақтау басқармасына 75 көлік берілді

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлігі тапсырылды.

«Hyundai» маркалы жаңа автокөліктер толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Облыста денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Осы қолдаудың нәтижесінде медицина мекемелерінің жабдықталуы 90 пайызға жақындады.

Көліктер өңірдегі 17 аудан, қалада орналасқан медициналық ұйымдар мен облыстық жедел жәрдем станциясына және облыстық ауруханаларға берілді.

Мамандар жедел жәрдем көліктері шақыртуларды уақытылы орындауға және облыстағы денсаулық сақтау саласын дамытуға серпін беретінін айтады.

Дербісәлі Сексенбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор, медицина саласының ардагері:

- Мінекей мен 62 жыл болды жұмыс істеп жатырмын әлде де. Бұндай машина алған емеспіз. Біздің жігіттерге айтарым, осыны пайдаланыңдар жақсылап, кеш бармаңдар. Біз 1 көлік алсақ та қуанатынбыз баяғыда. 75 көлік беру деген... Көп рахмет. Жорытқанда жолдарың болсын. Көлік мініп жатырсыңдар ғой. Не ойласаңдар да мақсаттарыңа жете беріңдер.