Көкшетауда волонтерлер қан тапсыру акциясына қатысты

Көкшетауда волонтерлер қан тапсыру акциясына қатысты.

Белсенді жастар донор болуға бірден келісім берген. Акцияның алғашқы күнінде 40-қа жуық ерікті қан тапсырды. Енді олар игілікті істі жылына 2-3 рет өткізуді жоспарлап отыр.

Көкшетаулық волонтер Дидар Хамзин төрт жылдан бері жүйелі түрде қан тапсырып тұрады. Яғни жылына осы орталыққа кем дегенде 3-4 рет келеді. Ол донор болу арқылы да өзгеге көмектесіп, өзің де жақсылыққа кенелесің, дейді. 

Дидар Хамзин, волонтёр:

- Біреуге қан беріп, оның өмірін сақтап қалудың өзі керемет сезім ғой. Мен 18 жасымнан бастап қан тапсырып келемін. Тіпті әскерде жүрген кезде де донор болдым.

Жалпы қан тапсыру тек біреуге донор болумен ғана шектелмейді. Ол бірінші кезекте сол адамның қан айналу мен иммундық жүйесін жақсартады. Ал оның пайдасын белсенді жақсы біледі. 

Ерден Нұрмұхамет, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Алты айда бір қан тапсырып отырса қаның тазарады, денсаулығын жақсарады. Ал қан тапсыру орталығына пайдан донор есебінде бізде қалада қан жетпей, қан сұратып жатады. Сол себепті үлесімізді қосайық, пайдамызды тигізейік деген мақсатта қан тапсырып жатырмыз.

Десе де, белсенділік танытқан жандардың барлығы бірдей донор бола алмайды. Мәселен, былтырдың өзінде екі жарым мыңға жуық адамның қаны жарымсыз болған. Бұл қанға деген сұранысты жабуға кері әсерін тигізеді. Жалпы аймақтағы ауруханалардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін күн сайын 30 шақты адам қан беру керек.

Гүлмира Қаркенова, қан орталығының дәрігері:

- Бір күнде қан тапсыратын донорлардың саны орташа есеппен 20-25 адамды құрайды. Бірақ кейбір кезеңдерде де донорлар саны күрт азайып кетеді. Әсіресе мереке уақытында қан тапсырушылар мүлдем келмейді. Ал қанға деген сұраныс қашан да жоғары. 

Абзал Балтабаев, тілші:

- Иә, қанға деген сұраныс ешқашан төмендеген емес. Керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Оған жол апатының көбеюі, түрлі асқыну дерттері себеп. Сондықтан қанға зәру жандар қашанда донордың көмегіне мұқтаж. Ал адамның бір тапсырған қаны, бірнеше науқасты аман алып қалуы мүмкін.

Абзал Балтабаев, Виктор Полянный