Тіс емдетуге қанша қаражат керек?

Қазір қаланың қай бұрышынан да стоматология табасыз.

Бірақ кезек аз болмайды.

Бір есептен, содан болар әлде басқа себебі бар ма, тіс емдету құны арзан емес. Баға әрқилы. Енді оның себебі не? Тісті тегін емдетуге болмай ма?

Зарина Кәп, тілші:

- Қазақта іш ауырған мен тіс ауырған қиын деген сөз бар. Онысы қате де емес. Тісі ауырған адамның көңілі де сұралмайды. Ал қазір оны емдеу үшін қалтаңыз қалың болуға тиіс. Кей адамның бір айлығы бір тіске жетпеуі мүмкін.

БЛИЦ:

- Қазіргі таңда мысалы студенттерге санасақ жәй қарапайым адамдарға тісті емдету қымбаттырақ. 

- Жылына бір рет емдетеміз. Әрине өте қымбат қазір тіс емдету деген өте қымбат. Біздің жалақымызға келмейді.

- Қымбат жерлерде бар. Бірақ арзанға да жасайтын болады ғой. 

- Қазір қымбаттады. Импланттар бәрі қымбат боп жатыр.

Халықтың пікірі осындай. Ал біз Астанада орналасқан бірнеше стоматология орталықтарына хабарласып бағасын  біліп көрдік.

 - Егер де азу тіс ақыл тіс болмаған жағдайда жәй ғана азутіс болса ол 25 мың теңгеден жоғары болады бағасы. Қиындығына байланысты 25 мың теңгеден жоғары. Нақты бағасын тек дәрігер айта алады. 

- Емдеу тоже 18 мыңнан жоғары. Сложностьына байланысты. 

- Бізде емдеудің бағасы 15 мың теңгеден басталады.

 Иә, баға әр жерде әртүрлі. Себебі тіс емдеуге қажетті барлық материалдар мен құралдарды дәрігерлер  шетелден алады. Жыл сайын олардың да бағасы артып келеді. Елге жеткізілуін қосыңыз. Бағаның мұндай болу себебі де осы дейді дәрігерлер.

Қаламқас Серикбаева, жоғары дәрежелі дәрігер стоматолог:

- Мамандардың шетелде оқыған ба деңгейіне байланысты. Материалдардың бағасына байланысты. Біреулер орта деңгейді алады. Кейбіреуі өте қымбат материал алады. Мысалы үшін Германия, Америка, Жапония елдерінен шыққан материалдар өте қымбат. Және де көрсететін стоматологиялық көмектің де бағасы өсе беруі мүмкін.

Тіс емдеу арзан емес екенін байқадық. Дегенмен елде  халықтың жекелеген санаты медициналық сақтандыру арқылы тегін стоматологиялық көмек ала алады. Ол үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Тек  клиника әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректер базасында болуға тиіс.

Гүлзия Таипова, ӘМСҚ Медициналық көмектің сапасын мониторингілеу департаментінің директоры:

- Бүгінгі таңда ӘМСҚ стоматологиялық қызмет шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі. Жоспарлы стоматологиялық қызметке 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді. Ал шұғыл стоматологиялық қызмет тағы сол 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы күміс алқа, алтық алқамен наградталған аналарға, әлеуметтік маңызы бар және инфекциялық аурумен ауырып жатқан науқастарға. 

Емдеу процесі қымбат болғанымен дәрігерлердің айтуынша халық тек асқынған кезде ғана емханаға асығады. Егерде алдын ала тексерістен өтіп, уақытылы ем қабылдаса бағасы да соған орай арзанға түсер еді дейді.

Зарина Кәп, Нұрғали Мамурбаев