Медицина саласында түйткілді мәселе көп

Елде дәрігер тапшы.

Қазір өңірлерге 8 мыңнан астам дәрігер жетіспейді.

Әсіресе акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, терапевт сияқты мамандарға сұраныс жоғары. Кадр тапшылығы көбіне шалғай ораналасқан елді мекендерде сезіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Бұған қоса медициналық қызметтің сапасына қатысты арыз-шағымдар да көп.

Медицина саласында қордаланған мәселе көп. Жауапты ведомствоны басқаруға жақында кіріскен министр соның бірқатарын тізіп шықты. Мәселен, медициналық ұйымдардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 90 млрд.теңгеге жуық берешегі бар. Бұл соңғы жылдары жиналған кредиторлық қарыз. 

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Негізі тарифтердің төмендігіне байланысты, осы кредитордық қарыздың үлесі 39 пайыз. Біз осы жылдың ішінде үнемделген қаражат есебінен осы тарифтерді көбейтуге, оның ішінде барлығын жаппай емес приоритеттік түрде тарифтері төмен, жаңартылмағандарын ұлғайтамыз. Соның есебінен де биылғы жылдың кредиторлық қарызын болдырмауға жұмыс жасаймыз. 

Алқа отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы талқыланды. Президент сынынан кейін бұл бағыттағы жұмыстарды жетелдіру қолға алынды. Былтыр елімізде 30 мыңға жуық адам тиісті медициналық көмектен қағылған. Бірақ жүйеге бөлінген қаржы екі есе өсіп, 3 трлн теңгеге жуықтаған. 

Әбілқайыр Ысқақов, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:

- Медициналық көмекті қаржыландыру артты. Алайда пациенттердің шағымы да көбейді. Атап айтқанда, 2023 жылғы шағымдар 2022 жылмен салыстырғанда 14 пайызға айтты.  Қызмет нарығында бәсекелестікті арттыру мен олардың сапасын жақсарту арасында байланыс жоқ. Бүгінде қызмет беру клиникалардың 64 пайызы жекеменшік. Өкінішке орай, бизнес жоспарлы көмек көрсетуге ұмтылады, бірақ әлеуметтік мәні бар бағыттарға бармайды деген сөз. 

Енді ауылдағы ағайынға медициналық көмекті қолжетімді ету қажет. Осы ретте емханалардың техникалық базасы жаңартылып жатыр. Нәтижесінде сапа артуы тиіс. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Осыдан 10 жыл алдын региондарда стентирование, шунтирование жасау болған жоқ. Бүгін бізде осының бәрін региондардың көлемінде жасап жатыр. Инсульттық орталықтар бұрын тек Астана қаласында болса, қазір аудан орталығына дейін жетті. Әрине оның сапасын көтеру мәселесі әлі алдымызда тұр. Бұл медициналық көмекке қолжетімділік екенін мойындауымыз керек.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де өзекті. Қазір министрлік жүйені оңтайландырып, препараттардың сапасына басымдық беруді көздеп отыр. Қазір қажетті дәрілер қоры бар. Медициналық мекемелерге жеткізілген. Яғни жауаптылар, дәріден тапшылық болмайды деп сендірді. 

Абзал Азаматұлы, Серік Қоңырбаев