Бес мыңға жуық қызға вакцина салынады

Абай облысында 11 жастағы бес мыңға жуық қыз балаға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады.

Оқушылар екпені күзде алады. Жатыр мойны обырының қоздырғышына қарсы вакциналау биылдан бастап Ұлттық екпе егу күнтізбесіне енгізілген. Осыған байланысты медицина қызметкерлері дайындықтан өтіп жатыр. Ата-аналармен де профилактикалық жұмыстар  жүргізу жоспарда бар. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық науқастан жатыр мойны обыры анықталады. Күн сайын кем дегенде екі әйел осы аурудан көз жұмады, дейді мамандар.

Айнұр Серікбаева, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Бұл вакцинаның құрамында тірі вакцина емес. ДНК вирустары да жоқ. Бұл вакцина әлемдік деңгейде өзіндік сенімділігін растаған вакцина және абсолютті түрде эффективті болып саналады.  Ешқандай кері әсерлері немесе бесплодия ондай салдарларға алып келмейтін вакцина болып есептеледі.