БҚО-да ауызсу сапасы тексеріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында 14 ауылдағы су ұңғымасы қарғын судың астында қалған еді.

Оның 9-ы – жерасты ұңғымасы. Қазір бұл ауылдарда ауызсу сапасы тексеріліп жатыр. Су тарату нысандарын зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы соңғы бір айда сумен жабдықтау жүйесінен микробиологиялық зерттеуге алынған 749 сынаманың 33-і тиісті талапқа сай болмай шықты. Санитарлық-химиялық зерттеуге алынған 700 ден астам сынаманың 41-інен сәйкессіздік анықталды. Яғни, ауызсу лай және ащы болған. Жұқпалы аурулар тарамас үшін су сапасы қатаң бақылауда болады, – дейді мамандар.

Мұқамғали Арыспаев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Барлығын қайтадан жуып, дезинфекциялап, тазалап, сосын кейін барып тағы екі мәрте судың сынамасын зерттеп, егер зерттегесін нәтижесі жақсы болса ғана рұқсат етеміз суды пайдалануға. Мысалы, Казталов ауданы орталығын. Казталов ауылы – суға кеткен ауыл. Ауызсуды тоқтаттық. Оған тасымалдап әкеліп жатыр. Қасында Әжібай деген ауыл бар. Онда да суға кеткен. Бүгін сол екі елді мекенде дезинфекция жүріп жатыр.