Астанада сабақ болмайды

Астанада бүгін де сабақ болмайды. 27-29 градус аяз. Тек түс қайта күннің көзі сәл жылып, термометр бағаны 16-18 градусқа төмендейді.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Абай, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 26-30 градус аралығында суық.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Жетісу өлкесінде 33-35 градустай аяз. Сол себепті елдің бірқатар аймағында мектептерде сабақ болмайды.