3 облыста жол жабылды

Күн райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Атап айтқанда Алматы, Ақтөбе және Жамбыл аймақтарының тас жолдарында қозғалыс тоқтатылды.

Қазір елдің бірқатар өңірінде жел екпіні күшейген. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдарда 436 техника жұмыс істеп жатыр.