Су тасқыны: Абай облысында тұрғындар қарғын сумен күресіп жатыр

Абай облысының Аягөз, Жарма, Ақсуат және Бородулиха аудандарының тұрғындары қар суымен арпалысып жатыр.

Жарма ауданының Үшбиік ауылындағы екі көшені су басып, 12 аула мен 9 үйге жайылған. Тұрғындар өз бетімен туыстарының үйіне кеткен. 

Манарбек Шапағатов, ТЖД бастығы:

- Қазіргі уақытта су деңгейі 40 сантиметрге дейін түсті. Төрт үйдің суы сорылды. Оқиға орнына 9 техника, 2 қайық пен 4 мотопомпа жеткізіліп, 54 адам жұмыс істеп жатыр.