Су тасқыны. Көкшетаудағы жағдай көңіл көншітпейді

Көкшетауда да жағдай тұрақсыз. Су тасқынына байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланады.

Иә, облыс орталығындағы жағдай қиындау. Көкшетаудың қақ ортасымен ағып өтетін Қылшақты өзені бүгін таңғы алты кезінде қайта арнасынан тасып, бірнеше нысан су астында қалды. Оның ішінде жеке сектордағы үйлер көп.

Ал көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы қазір жағдай осындай. Ондағы халықты міне құтқарушылар қайықпен шығарып жатыр. Айталық, бүгінгі су деңгейі кешегіден қарағанда әлдеқайда жоғары,-дейді мамандар. Ал, жағдайдын қашан қалыпқа келетінін ешкім айта алмай отыр. Жалпы қала әкімдігі осындай төтенше жағдайға дайын болды ма? Біз осы сұрақтың жауабын жаңа ғана облыс әкімі Марат Ахметжановтан сұрап едік.  Соған кезек берсек.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Қала жылдағы көлемге дайын болған. Енді былай мөлшерлеп алған кезде 2017 жылы осындай су тасқыны болған. Сол тасқынның мөлшерімен дайындалған тиісті топырақ, қап дайындалған. Енді қазір қарап отырсақ, қазіргі судың деңгейі сол 2017 жылға қарағанда екі есе асып отыр. Тағы да қауіп бар.

Сонымен қатар, үй-күйсіз қалған тұрғындар үшін эвакуациялық пунктер де ашылды. Қазір оған шамамен 100-ден астам адам жеткізілді. Ал құтқарушыларға азаматтық қорғау акамедиясының курсанттары мен еріктілер көмекке келді. Зардап шеккендердің нақты саны әлі де белгісіз. Қазір арнайы құрылған жедел штаб пен комиссия мүшелері соны анықтап жатыр.