Су тасқыны. БҚО-да тағы бір ауыл эвакуацияланды

Орал мен Батыс Қазақстандағы Подстепное ауылының 750 тұрғыны эвакуацияланды. Оның 230-ы бала.

Егістіктерде еріген қар суының Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты, ол толып кеткен. Сәйкесінше өңірді су басу қаупі туындады.

Құтқарушылар су тасқынына қарсы шараларды бірден қолға алып, эвакуациялау жұмысына 100-ден астам маман мен 39 техника жұмылдырылды. Қазір су қоймасы бөгетін нығайту үшін бірқатар жұмыстар жасалып жатыр.

Естеріңізде болса, кеше кешке Ұзынкөл ауылы көшірілгенін хабарлаған болатынбыз.