Су тасқыны. Атыраудағы ахуал қандай?

Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді.

Жоғарыдан аққан Жайықтың Индер ауданының тұсындағы деңгейі бүгін 788 сантиметрге жетті.

Өңірдегі ахуалды әріптесім Асланбек Шығыр қазір тікелей эфирде баяндауға әзір.

Біз қазір Индер ауданының орталығы Индербор кентіндеміз. Жоғарыдан келе жатқан су алдымен осы Индер ауданы арқылы өтеді. Содан кейін Махамбет ауданы арқылы облыс орталығына жетіп, Теңізге құюы керек.

Соңғы тәулікте Индер ауданында су деңгейі 38 сантиметрге дейін көтерілді. Қазір 788 сантиметрге жетіп отыр. Жалпы қауіпті меже 845 сантиметр деп белгіленген. Бірақ салынған бөгеттердің биіктігі 11 метр. Сондықтан жауаптылар келе жатқан мол суға төтеп беретінін айтады.

Индер ауданында қазір Құрылыс және Жарсуат ауылдары қауіпті аймаққа жатады. Дегенмен сақтық шаралары күшейтілген. Ауданда жаға бекіту, бөгет салу жұмыстары толық аяқталған.

Қазір менің жанымда Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов тұр.

- Дарын Дүйсенбайұлы, қайырлы күн! Индер – суды бірінші қабылдайтын аудан ғой. Көрші жатқан Батыс Қазақстан облысындағы әріптестеріңізбен байланыстасыз ба? Су қандай көлемде келеді деген болжам бар?

Дарын Шамұратов, Индер ауданының әкімі:

- Жайық өзенінің Каспий теңізіне кедергісіз ағуы үшін қазір сағасы тереңдетіліп жатқанын айта кетейік. Ұзындығы 1 км 600 метр, ені 20 метр, ал тереңдігі 1,20-1,40-қа дейін қазылуда. Судың деңгейі гидробекеттерде 4 сағат сайын алынып отыр. Мендегі ақпарат әзірге осы.

Асланбек Шығыр, 24.KZ, Атырау облысы