Маңғыстауда үстірт киігінің саны артты

Маңғыстауда Үстірт киігінің саны артты.

Өткен айда табиғат қорғау инспекторлары ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе әуе санағын жүргізген. «Нәтижесінде, биыл дала жануарларының шамамен 597 мың басқа жеткені байқалды. Бұл, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ке артық. Киіктер көктемде төлдейді. Осы кезеңде браконьерлерден қорғау мақсатында республика көлемінде акция жүріп жатыр» - дейді мамандар. Айта кетсек, былтыр Маңғыстауда заңсыз киік атып, еті мен мүйізін пайдаға жарату дерегі тіркелген жоқ.