352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз Ауғанстанмен экономикалық ынтымақты арттырады

  • 414

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті түрлі салада бекемдей түсті. Әсіресе ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс саласындағы байланыс қарқын алып келеді.

Ауғанстан Қазақстан астығын импортап отырған бірден бір мемлекет. Мәселен, 2017-2018 жылдары Ауғанстан біздің өнімді ең көп сатып алған. Сандарды сөйлетсек, 291 мың тонна бидай мен 1 миллион 369 мың тонна ұн экспортталған. Осылайша соңғы жылдары бұл еткен экспортталған тауар  көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Яғни ауғандар импорттаған ауылшарушылығы өнімдері 2 миллион тоннадан асты.

- Еліміз Ауғанстанға әлеуметтік көмек беріп отырған елдердің қатарында. Осы уақытқа дейін қандай көмек көрсетілді?

- Еліміздің Сыртқы істер министрлігі берген ресми деректерге сүйенсек, 2014 жылы 3 миллион доллар қаржылай қолдау көрсетілген. Келесі жылы миллион литр сұйық май, жылы киімдер мен матрац жіберілді. Ол кезде шамамен 438 миллион теңге жұмсадық. Ал, өткен жылы ауғандар құрғақшылықтан зардап шекті. Бұл қиын кезеңде де біздің үкімет қол ұшын созды. Бұл жолы жалпы көлемі 23 мың тонна болатын азық-түлік жібердік. Оның құны 21 миллион долларға жуықтайды. 

Ал енді Қазақстан қор биржасындағы жаңалықтарға кезек берейік. Соңғы түскен мәліметтерге сүйенсек, дәл қазір Астанадағы ақша айырбастау бекеттерінде бір доллар 371 теңгеге сатылуда. Ал, сатып алу бағасы шамамен 364-369 теңге аралығында. Төл теңгеміздің бұлай құлдырауына қатысты түрлі пікір бар. Әсіресе, көрші Ресейге салынған санкциялар теңгенің шатқаяқтауына тікелей әсер етіп отыр дейді сарапшылар.

- Теңгенің тағдыры түсінікті болды. Ал мұнай бағасында өзгеріс бар ма? 

- Мұнай бағасы да құбылып тұр. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша қара алтын бағасы тұрақсыз. Сауда-саттық нәтижесінде, қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның АЙС ФЮЧЕРС биржасында 0,04 долларға төмендеп, баррелі 77,97 доллар болды.

Ресейге салынған санкциялар салдары инфляцияға да әсер етпей қоймады. Мамандар  елімзде инфляция көлемі артуы мүмкін деп болжайды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, тамызда инфляция 0,2 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда үлкен көрсеткіш дейді. Жыл басынан бері инфляция деңгейі 5-7 пайыз аралығында болған. 2019-2020 жылдары инфляция бұл көрсеткіштен асып кетуі ғажап емес. Сайып келгенде инфляцияның артуы баға мен тарифтердің көтерілуіне тікелей түрткі болады.  

2019-2020 жылдары инфляция көлемі жоғары болуы мүмкін. Яғни белгіленген дәлізден асып түседі. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден Ресейге қарсы санкциялар күшейіп жатыр. Бұған қоса теңгенің әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі және әлеуметтік шығындардың артуы да айтарлықтай ықпал етеді. Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы

- Қымбатшылық азық-түлік бағасына әсер ете ме? Жалпы қазір сауда орындарында жеміс-жидектер мен көкөністер бағасына өзгеріс бар ма?

- Елімізде азық-түлік тауарларының кей түрінің бағасы түсті. Өйткені қазір жеміс-жидектің піскен кезі. Сондықтан көкөніс бағасы айтарлықтай арзан. Мәселен, тамызда қызанақ бағасы бірден 17 пайызға, қияр құны 13 пайызға төмендеген. Ал шілдемен салыстырғанда картоп, пияз бен қырыққабат арзандады. Керісінше ет бағасы қымбаттады. Ал ұн өнімдерінің бағасы былтырмен салыстырғанда шамамен 13-17 пайыз төмендеген.

Шымкент қаласының жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасының 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта биыл 500 миллион теңге бөлінді. Енді 2 жылдың ішінде бағдарламанының алғашқы жарнасын төмендетуге 2 млрд теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде 2 мыңдай жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. 

Қайрат Алтынбек, «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы:

- Шымкент  «7-20-25» бағдарламасына қатысып жатқан тұрғындарына жергілікті әкімдіктер қолдау көрсететін бірлескен жобаны іске асыратын тұңғыш өңір атанып отыр. Өз кезегінде, осы игі бастаманы біз басқа да өңірлермен бірлесіп, жүзеге асыруға дайынбыз.

Амазон Эппл компаниясын қуып жетті. Компания америка нарығында ең көп пайда тапқан екінші компания атанды. Өткен айда Эпплдің нарықтағы құны 1 триллион доллардан асқан болатын. Ал Амазон компаниясы соңғы жартыжылдықта жақсы пайда тапты. Компания тарихында пайда көлемі алғаш рет 2 млрд долларға жетті. Ал компания иесі әлемдегі ең бай адамдардың қатарындағы Джефф Безостың дәулеті 166 миллиард доларға жетті.

Хабар 24 телеарнасы