359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі орташа күнкөріс деңгейі 29 мың теңгеден асты

  • 487

Елімізде 8 миллион теңгеге жуық жасанды ақша айналымнан алынды

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Жасанды ақшалардың дені Алматы, Астана қалалары мен Қызылорда, Қарағанды облыстарында тіркелген. Мамандар алаяқтардың құрығына түспес үшін ақша үлгілерін жіті меңгерген абзал дейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бүгінде жалған ақша дайындайтын 3 астыртын цехты анықтаған.

Жүргізілген тексеріс барысында 32700 АҚШ доллары, яғни 10 млн теңгеден асатын жалған шетелдік валютаны өткізгені үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотының өкімімен Тәжікстанның мен Қазақстанның төрт азаматы 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

 

100-ден аса рейс жасаған шетелдік ұшақтарға арнайы мониторинг жүргізілді

Астана мен Алматы әуежайларына сапарлайтын шетелдік әуе компанияларының ұшақтары арасында уақыттан жаңылмайтындары анықталды. Еліміздегі Азаматтық авиация комитеті жыл басынан бері 100-ден аса рейс жасаған шетелдік ұшақтарға арнайы мониторинг жүргізген. Үздіктер көшін Өзбекстан, Венгрия және Польша  әуе желілері бастады. Ал еліміздің әуе компаниялары арасында «Жезқазған Эйр» мен «Жетісу» 100%-дық көрсеткішпен алға шықты. Белгілі Air Astana 21657 рет ұшып, 86,16%-ды көрсеткен.

 

Еліміздегі орташа күнкөріс деңгейі 29 мың теңгеден асты

Бұл өткен жылғы тамыз айымен салыстырғанда шамамен 14%-ға артық. Мамандардың пайымынша, соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш осы. Әзірге өңірлерде деңгей шамасы 25 мың мен 36 мың теңгенің арасында. Үздік бестікті жіктер болсақ, Астана қаласы көш бастайды. Мұндағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңге. Тізімді қорытындылайтын Атырау облысында 29,3 мың теңге. Мамандар әйелдерге қарағанда ерлердің күнкөріс деңгейі жоғарырақ деп отыр. Бірінде 36 мың теңгеден асса, екіншісінде 27 мың теңгені құраған.

 

2025 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы шығын көлемі 40 млрд теңгеге қысқарады

Ал өнімділікті 50%-ға дейін арттыруға болады. Мұндай мүмкіндік сандық технологияларды қолданудың арқасында туып отыр. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарланды. Бүгінде «смарт ферма», «электронды карта», «нақты жер шаруашылығ»ы сынды жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Алқаптардың электронды картасын түзу – жер шаруашылығындағы маңызды элемент саналады.  Бүгінде 23 млн га жерді цифрландыру жүргізілді. Бұл жалпы аумақтың 96%-ға жуығын құрайды. Дәнді дақылдар тізімін цифрландыруға дән балансын онлайн мониторингтеу, баға статистикасы, нан қабылдау бекеттерінің рейтингісі жатады. Тізімді қолдан жасау, фермерлердің шығын көлемін бұрмалау амалдарына жол берілмейді. Қазір бұл шығын жылына 700 млн теңгені құрап отыр. 2018 жылы операция қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы енгізілді.

Сарапшылар алдағы жартыжылдықта доллар бағамы әлі де құбылуы мүмкін деп болжам жасайды. Дегенмен, шетелдік валютаны жаппай сатып алудың қажеті жоқ екенін де алға тартады. Ал валютаның бүгінгі бағамы жайлы нақты ақпаратты таңғы сауда-саттықтан кейін білеміз.

Хабар 24 телеарнасы