Елде құрылыс материалдары 28 процентке қымбаттады

Биыл 10 айда елде құрылыс материалдары 28 процентке қымбаттады.

Бағаның өсімі сәуір айында басталып, тамызда 33 процентке дейін жеткен еді. Қыс түскенде сәл төмендеді. Сәйкесінше нарықта жаңа үйлердің құны 14 жарым процентке көтерілді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрі 350 теңге шамасында. Бағаның одан әрі көтерілуін үкімет мемлекеттік бағдарламалар арқылы тежеді. Ал екінші нарыққа биліктің ықпалы болмағандықтан 23 процентке қымбаттап кетті. Сарапшылардың айтуынша Зейнетақы қорындағы өзгеріске байланысты пәтер бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін. Өйткені бұған дейін қаржысын шешуді кейінге қалдырып жүргендерге бұл тосын жаңалық болды. Енді олар жинағын тиімді пайдалануға асығы, нарықта үйге сұраныс артуы мүмкін.

Айта кету керек, 25 қарашаға дейін зейнетақы қорындағы жинақ арқылы 516 мың адам пәтер мәселесін шешті. Оларға 2 триллион теңгедей аударылған.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЫСЫРАП БОЛЫП ЖАТЫР

Елдегі электр желілерінің 66 проценті тозған. Салдарынан өндірілген электр қуатының 15 проценттейі тасымал кезінде жоғалады. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда ел бойынша электр қуатын ең көп жоғалтатын өңір Ақмола облысы. Мұнда қуаттың 17 проценті шығынға кетеді. Жамбылда 15, Түркістанда 16, Алматы мен Қызылордада электр қуатының 15 проценттейі тасымал кезінде шығынға ұшырайды. Жауапты ведомства мәселені шешу үшін желілерді жөндеудің бес жылдық жоспарын әзірлеген. Оған сай 2025 жылы тозған желілердің үлесі 14 процентке дейін азаюы тиіс. Жаңарту жұмыстарына шамамен 4,8 миллиард теңге жұмсалмақ.

ТУРИСТІК КОМПАНИЯЛАР ТАБЫСТАН ҚАҒЫЛҒАЛЫ ТҰР

Мысыр бағытында рейстердің тоқтатылуы елдегі туроператорларды бірнеше миллион теңге пайдадан қағуы мүмкін. Өйткені желтоқсан сауданың қызатын уақыты. Дәл осы айдағы демалыс күндері және жаңа жыл қарсаңында жұрт жылы жаққа ағылатын. Қазірдің өзінде баруға 20 мың адам жолдама алып қойған. Эпидемиялогиялық ахуал олардың жоспарын бұзды. Енді бұл азаматтарға өзге бағытқа барып, тынығуға ұсыныс жасалады. Алайда мысырмен арадағы ұшақ қатынасы тоқтағаннан кейін өзге бағыттардағы тур пакеттерінің бағасы 2-30 процент қымбаттаған. Сондықтан демалыстан бас тартқандарға үш ай ішінде ақшасы қайтарылады. «Туристік қамқор» қорының төрайымы Инна Рэйдің айтуынша, қазір елде ірі 20 шақты туроператор бар. Тағы бірнешеуі карантин кезінде қызметін уақытша тоқтатты.

Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрағасы

– Туристік опраторлар үшін бұл айда Египет ең табысты бағыттың бірі еді. Енді БАӘ, Шри-Ланка, Тайланд және Мальдив аралдарына рейстер көбейеді. Егер саяхатшылар біз ұсынған жаңа бағыттарды мақұлдап, сол елдерге баруға келіссе компаниялар шығынға бата қоймайды. Егер демалыстан мүлде бас тартса шығын миллиондап есептеледі. 

ПАНДЕМИЯ ІШКІ ТУРИЗМГЕ ОҢ ЫҚПАЛ ЕТТІ

Пандемия кезінде ішкі туризм қарқын алды. Мәселен биыл алты айда демалыс орындарында 2 миллион жүз мың адам тыныққан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Сәйкесінше елдегі қонақ үйлер мен демалыс орындары шипажайлар 6 айда 44 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Туризмды тартымды ету мақсатында 10 негізгі бағыт анықталып, оларда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ келер жылдан бастап, шет елден қонақ тартан туроператорға бір саяхатшы үшін 15 мың теңге көлемінде қолдау қаржы берілетін болды. Бұған қоса саяхатшыны тіркеу жүйесі цифралныдырылады.

Ернұр Кенжебеков, «ҚАЗАҚ ТУРИЗМ» ҰҚ баспасөз хатшысы:

– Е-қонақ ақпараттық жүйесі елімізге келген шет елдік азаматтарды тіркеуге, оларды миграция және басқа да қызметтерге бармай-ақ орналасуға. Сол жүйені қабылдаған орналасу орындарына өзінің жеке құжатын көрсету арқылы жүйеге енеді де, біз бір жерден көре аламыз оның бәрін. Алдағы уақытта біз қай жерлерге қаншама турист қай елден келгенін көріп отырамыз онлайн режимде.