Юань доллардың орнын баса ма?

Айта кетейік, әлемдік ақша айналымының 65 проценттен астамын доллар құрайды. 

Бұл нарықтағы өте үлкен үлес болып саналады. Халықаралық нарықта АҚШ валютасы ойып тұрып орын алған. Бірақ экономистердің айтуынша, алдағы 5-10 жылда доллардың орнын Қытай валютасы басуы мүмкін. Себебі Дүниежүзілік тәжірибеге сай әр елдің валютасы 100 жылда бір девальвацияға ұшырап тұрады.

Бауыржан Исабеков, экономист:

- 1943 жылы доллар өзінің ықпалын күшейтіп, дүниежүзілік бірінші валюта болып есептелінген. Ол негізінен әр елдің ішкі валютасына байланысты. Мысалы, АҚШ-тың ЖІӨ 16,7 трлн доллар болса, Қытай мемлекетінің ЖІӨ 15,7 трлн. Яғни екеуі бір-біріне ықпалдас жанамалас деуге болды. Сондықтан 5-10 жылда осы сұрақ шешіліп қалуы мүмкін. Яғни доллар екінші планға кетіп,  юань алға шығуы мүмкін.