Қазақстан мен Венгрия қатынасы нығаяды

Қазақстан – Венгрияның Орталық Азиядағы басты серіктесі.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып, саяси, экономикалық қатынас қарқын алып келеді. Оған дәлел, бір жылда екіжақты сауда айналымы 25 пайызға артқан. Енді қос тарап стратегиялық байланысты дамытпақ ниетте. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанға барған ресми сапарында айтты. Қазақстан экспорт көлемін 700 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Мұнан бөлек, инвестициялық қор ашу, су ресустары мен балық шаруашылығы бойынша пилоттық жобаларды іске қосу мәселесі қолға алынады. Атом энергиясы бойынша тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласына жаңа инновациялар тарту жайы да назарда болмақ. Әсіресе, тараптар жасыл энергетика саласын дамытуға мүдделі.

Робин Надь, HUNKAZTRADE компаниясының серіктесі:

- Қазақстан – мүмкіндігі мол, ерекше қарқынмен жылдам дамып келе жатқан өркениетті мемлекет. Венгрияның 2 компаниясы қазақстандық бизнесмендермен келіссөз жүргізіп, бірнеше құжатқа қол қойдық. Енді серіктес елдің экономикасын дамытуға өз үлесімізді қоспақпыз.