Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы сауда-саттық

Қазақстан Башқұртстанның сыртқы сауда айналымында үлесі көп елдердің арасында екінші орын алады.

Біздің үлес 10,2 пайызға жетеді. Былтыр арадағы алыс-беріс 387 млн доллардан асқан. Дені қазақстандық экспорт. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 316 млн доллардың тауары осы елге жөнелтілген. Ал импорт 71,6 млн долларға жетті.

Қазақстан- Башқұртстан арасындағы сауда-саттық:

2023 ж. 11 ай – $387,6 млн

Экспорт – $316 млн

Импорт – $71,6 млн