Елімізде қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілмейді

Жаңартылған құраммен өткізген алғашқы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді.

Ол бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табу керектігіне баса мән берді. Осыған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Салық кодексіне қатысты көңілі толмайтынын айтып, тапсырма берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға өсіруді ұсынған еді. Бұл Жаңа салық кодексі реформасының аясында жүргізілмек болған. Отырыстағы тағы бір маңызды мәселе – инвестиция болды. Биылғы қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар небәрі 0,6 пайызға өскеніне назар аударған үкімет басшысы уәкілетті органдарға инвестициялық штаб жұмысын күшейтуді тапсырды.