Қазақ-қытай инвестициялық ынтымақтастығы

Қытай Қазақстанға ең көп инвестиция салған 5 мемлекеттің бірі.

Көрші ел 2023 жылы экономикамызға 1,81 миллиард доллар құйды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Бұл жөнінде Қазақстанның Қытайдағы  Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев айтты. Қытайлық БАҚ өкілдеріне Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, мүмкіндіктері мен алдағы жоспар таныстырылды. Елші еліміздегі реформалар, екі жақты саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық қарым-қатынасқа ерекше тоқталды. Екі елдің арасында сауда айналымы 30 пайызға өскен.

Шахрат Нұрышев, ҚР Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қытайдың Бас кеден басқармасының мәліметіне сәйкес сауда-саттық 41 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл рекорд. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясында көрші елден Еуропаға пойызбен тасымалданатын жүктің 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Теміржолмен тасмалданған жүктің көлемі 28 миллион тоннадан асты.