Қытай елімізден 500 мың бас уақ мал сатып алуды көздейді - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
336.73
EUR/KZT
375.25
РУБ/KZT
5.09

Қытай елімізден 500 мың бас уақ мал сатып алуды көздейді

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас болашақта да қарқынды дами түспек.

Оның үстіне мемлекеттер экономиканың жедел дамуына алып келетін инновация бағытын ұстанған. Бұл тұста ортақ идеялар көп. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты кездесу барысында 52 жобаға қол қойған болатын. Келісім бойынша онда ауыл шаруашылығы, білім, ғылым саласына, баламалы энергия көздеріне басымдық берілген. Сонымен қатар, Қытай тарапы Қазақстанға ауа райын болжау, ауыл шаруашылығы секілді салаларға ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды жеткізіп береді. Ал екі елдің тауар айналымы өткен жылы 1 млрд 500 млн долларға жеткен. Сондай-ақ, Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде еркін сауда аймағын құруды ұсынып отыр. Бұдан басқа, Алтай аймағындағы көрші елдермен де өзара әріптестік құру жоспары бар. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхой отандық БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында айтып берді.

Чжан Ханьхой, ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Алтайдың ар жақ, бер жағында да қазақтар тұрады. Сондықтан төрт елдің, Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолияның қатысуымен аймақтық әріптестік құрамыз. Бұл қатысушы елдердің экономикасының дамуына тың серпін береді. Әрі Жаңа жібек жолының түйісуіне де септігін тигізеді. Еркін сауда аймағын құрамыз.

Мұнан бөлек, Қазақстанның табиғи таза өніміне қызыққан Қытай тіпті 500 мың бас уақ малды тірідей сатып алуды жоспарлап отыр. Елші мырзаның айтуынша, Қытайдың солтүстігінде мұсылмандар көп тұрады. Сондықтан, олардың дінін, салтын құрметтегендіктен жануарларды осылай алдыртпақшы екен. Ал егер бұл жоспар жүзеге аспаса, ортақ мал шаруашылығын құруға дайын екендіктерін жеткізді.

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015