Қазыналы мекен. Қарашығанақ кен орны

Елімізде әлем бойынша мұнай қоры жөнінен алғашқы орындарды алатын бірнеше кен орны бар. Солардың бірі – Қарашығанақ.

Іргесі 1979 жылы қаланған ол әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі болып табылады. Аумағы 280 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Онда жыл сайын 11 млн тоннаға жуық мұнай мен конденсат, 17,5 млрд текше метр газ өндіріледі. Ол дегеніміз республикадағы жалпы мұнай өндірісінің 14 пайызы. Қарашығанақта мұнай өндіру мен өңдеудің озық технологиялары қолданылады. Кен орнының жұмыс қарқынын бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.