Жаңғырту 3.0: Экономиканы әртараптандырып, технологиялық мүмкіндікті жақсартуға ұмтылған мемлекет қана алға озады

«Елбасы Үндеуінде айтылған басым бағыттарды «Қазақстан-2050» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асырудың алғышарты деп қабылдауымыз қажет».

Бұл - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бектұр Төлеуғалиевтің пікірі. Ширек ғасырда аяғына нық тұрған азат ел адами капиталды жақсартып, шағын және орта бизнесті дамытуды жолға қойды. Экономиканы әртараптандырып, технологиялық мүмкіндікті жақсартуға ұмтылған мемлекет қана алға озады, - дейді ол.

Бектұр Төлеуғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Бизнесті жақсарту дегеніміз - халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту деген сөз. Табыс табу, мемлекетке пайда келтіру деген сөз. Адами капиталды жақсарту дегеніміз - адамды жан-жақсы, шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынас жасай алатын дәрежеде сауаттандыру, соған сай білім беру. Мектепте оқыту жүйесін жетілдіруді қолға алып жатыр. Әрине, бұл үлкен жетістік