USD 332.80 EUR 390.90 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Құс шаруашылығын дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау 18 есеге артқан

  • 108
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Құс шаруашылығын дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау 18 есеге артқан

Елімізде құс шаруашылығын дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау 18 есе артты.

Бұл туралы бүгін Құс өсірушілер одағының есептік жиналысында мәлім болды. Нәтижесінде соңғы 6 жыл ішінде өндірілетін құс етінің көлемі 67 пайызға өсті. Ал биыл бұл көрсеткіш 203 тоннаны құрайды деп күтіліп отыр. Алайда жиын барысында құс өсірушілер субсидия бөлудің жаңа ережелеріне келіспейтінін жеткізді. Себебі құжатта сала мамандарының ұсыныстары ескерілмеген. Сондай-ақ фермаларды салудағы құрылыс монтаждау жұмыстары да есепке алынбаған. Мұндай жаңашылдық шаруаларға тиімсіз. Себебі әдетте қаржының тең жартысы осындай шығындарға жұмсалады.

Руслан Шәріпов, Қазақстанның құс өсірушілері одағының президенті:

- Қаңтарда біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездестік. Субсидиялаудың жаңа ережелеріне наразылығымызды білдірдік. Бұл құжатқа сәйкес жұмыртқа өндірісіне де, жалпы құс шаруашылығына да қаржы қарастырылмаған. Соған қарамастан, әр кәсіпорында өнімді сұрыптайтын техника болуы қажет деген талап қойды. Алайда жаңа инвестициялық ережемен түсетін ақшаға құрал-жабдық сатып ала алмайсың. Өзгеріс енгізілмесе, нарықта отандық өнім көлемі азайып кетуі әбден мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top