USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Т.Сүлейменов: Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінде сөзіміздің салмағы бар

  • 59
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Т.Сүлейменов: Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінде сөзіміздің салмағы бар

Мәжілісте Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдардағы ролі сөз болды. Әсіресе Азия инфрақұрылымдыҚ инвестиция банкіне мүше болғаннан кейін туындаған мәселелерді заңмен реттеу ұсынылды.

Экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл банк еліміздің инфрақұрылымын дамытуға қажетті үлкен көлемдегі несие алуға мүмкіндік берЕді. Бірақ, ол үшін қазақстандық тарап 5 жылдың ішінде 145 млн АҚШ доллары көлемінде жарна құюы тиіс. Ал депутаттар тарапынан  бұл бастаманың тиімділігі қандай және жалпы қажеттілігі бар ма деген сұрақ туындады. Бірақ ұзақ талқылаудан кейін  халық қалаулылары бірауыздан мақұлдады. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Айта кетерлігі, Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкіндегі Қазақстанның үлесі 0,7 пайызды құрайды. Бірақ бұл банк саясатына біздің ықпалымыз болмайды деген сөз емес. Бұнда негізгі мәселелерді директорлар кеңесі шешеді. Ал біздің өкіл сол кеңес мүшесінің орынбасары қызметінде отыр. Сондықтан қазақстандық тараптың мүддесі үнемі назарда.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top