USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруты ашылуы мүмкін

  • 342
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруты ашылуы мүмкін

Бұл екі елдің сауда-экономикалық байланысын одан әрі нығайта түспек.

Осыған орай Мәжілісте екі елдің үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жайы талқыланды. 

Министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша жыл соңына дейін алғашқы маршрут іске қосылады. Алғашқы автобус Шымкент-Ташкент бағытында қатынайды деп жоспарланып отыр. Қазір қос ел арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус маршруттары жоқ. Бұл өз кезегінде шекараны өту кезінде қолайсыздықтар туғызып отырғандығын да жасырмады. Жеңіс Қасымбек тұрақты маршруттың ашылуы сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға оң серпін беретінін де тілге тиек етті. Хаттама күшіне енген соң, екі елдің ірі қалаларының арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылады. Қазірдің өзінде Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларынан ұсыныстар түсіп жатыр. Жалпы депутаттарды билетті сату, сатып алу жайы да қызықтырып отыр. 

Айта кетейік, өткен жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өткізу пунктері арқылы 8 млн 200 мың адам өткен. Ал тұрақты маршрут іске қосылысымен, жолаушылардың қатары көбейіп, 12 млн-ға жетуі мүмкін.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Біз осы жылдың соңына дейін бірнеше маршрутты ашамыз деп Өзбекстан тарапымен келістік. Бізде арнайы араласқан комиссия бар. Сол комиссияда осы маршруттардың кестесін келістіріп, шешім қабылдаймыз. Осы тұрақты автобуспен баратын жолаушылар кезексіз өтетін болады. Бұл жолаушыларға өте ыңғайлы.

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Көлік және транзиттік тасымалдару саласы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттары болып табылады. Сонымен қатар 2006 жылы 26 наурызда қол қойылған халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісімнің қабылдануы халықаралық автомобиль қатынасын дамыту және жүзеге асыру үшін құқықтық негіз жасауға ықпал етті.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top