USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қытай инвесторлары Қазақстанға 200 млн доллар қаржы құятын болды

  • 166
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қытай инвесторлары Қазақстанға 200 млн доллар қаржы құятын болды

Қытай инвесторлары Қазақстан экономикасына 200 млн доллар қаржы құятын болды.

Бұл туралы агроөнеркәсіп мәселесі талқыға салынған инвестициялық форумда айтылды. Шара «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы саласына қаржы тарту екі кезеңнен тұрады. Жобаның жалпы құны әзірге белгісіз. Инвестиция ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, қайта өңдеу технологиясы мен техникаларға қызмет көрсетуге жұмсалады деп жоспарланып отыр.

Қытай нарығында Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Әсіресе біздің ұн, күріш және күнбағыс майы сияқты азық-түлік түрлерін іздеп жүріп сатып алады. Сондықтан Қытай тарабы Қазақстанға инвестиция құюға ынта білдіріп отыр. Қаражат ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, өңдеуге және жаңа технологияны меңгеруге жұмсалады.

Ван Жуйюань, Астық және майлы дақылдар қауымдастығының президенті (Қытай):

– Біздің техникамен жұмыс істеу үшін білім мен тәжірибе керек. Онсыз жұмыс өнбейді. Сондықтан бірінші кезекте шаруаларды өзіміз оқытамыз. Ауылшаруашылық техникаларын меңгертумен қатар зауыттарда жаңа технологияны үйретеміз. Сонда ғана олар еш қиындықсыз еңбек етеді.

Жоба Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарын және Астана қаласын қамтиды. Бүгінде жаңа технологияның тиімділігін қарапайым шаруа да жақсы біледі. Сондықтан оны өндіріске енгізуге дайын.

Мәди Әлиев, жеке кәсіпкер (Алматы облысы):

– Келген қытайлықтар өздерінің жетістіктерін айтып жатыр ғой. Бір күнде 5 мың тонна бидайды ұн қылады. Ет те сондай. Біз түпкілікті пайдасын ойламай, базарға апарып сатамыз. Технологиясын алу керек. Үйрену керек.

Бұл екі елдің достық қарым-қатынасының нәтижесі. Бұған дейін дәл осындай аграрлық инвестициялық форум Бейжіңде өткен. Сол кезде Қазақстан экономикасына инвестиция салу жөнінде келісімшарт жасалған еді. Енді қытайлық инвесторлар құжатты бекіту үшін Қазақстанға келді. Осы істің басы-қасында жүргендер бұл ауылшаруашылық саласына бағытталған қомақты қаржының басы ғана дейді.

Кемелхан Әбілеков, «Қазақ-Қытай азық-түлік индустриясы кәсіпкерлері» қауымдастығының президенті:

– 200 млн-дай инвестиция бұл біздің бірінші қадамымыз деп есептейміз. Қазіргі күні Қытай мемлекетінің тұтынушылары Қазақстанның өніміне, органикалық таза өніміне аса қызығушылық білдіріп отыр. Біздің өніміміз Қытай нарығында үлкен сұранысқа ие.

Қытай тарабы өздері құйған инвестиция есебінен біздің елден ауылшаруашылық өнімдерін алуға ниетті. Аграрлық-инвестициялық форумда тараптар осы бағытта келісімге келіп, меморандумға қол қойды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top