USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Экспорттық тауарларға бақылау күшейді

  • 140
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Экспорттық тауарларға бақылау күшейді

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғызстандық сүт өнімдерін дайындайтын төрт кәсіпорынның тауарына тыйым салды.

Қазір Алматыда көрші ел тауарларына ветеринарлық бақылау күшейтілді. Қала базарларын тексеру барысында жеті саудагердің санитарлық, ветеринарлық талапты сақтамағандығы белгілі болды. Тәркіленген тауарлар Алматыдан 50 шақырым жердегі арнайы полигонда жойылады. Барлық талаптарға сай салынған полигон екі жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сүт және ет өнімдерін өндіретін қырғызстандық тек 25 кәсіпорын ғана тауарларын елімізге экспорттай алады. Оның он бесі сүт, сегізі балық және екеуі дайын ет өнімдерін шығарады. Жіті ветеринарлық тексеруден кейін еліміз бойынша көрші елдің 4 кәсіпорнының тауарын сатуға тыйым салынды. Тағы екі өндіріс орнының өнімдері арнайы зертханаға жіберілген.

Аркен Сұлтанов, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– Алматы қаласындағы және басқа да сауда орындарындағы тауарлардың барлығында арнайы сертификаты, рұқсаты болуы шарт. Ал рұқсатсыз тауарлар тәркіленіп жойылады. Яғни экспорттауға рұқсат қағазы, ветеринарлық құжат және тауардың жеке атауы мен жарамдылық мерзімі жазылуы керек. Барлығы техникалық талап бойынша жасалуы шарт.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top